Президент «Allur компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
Президент «Allur компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады https://t.co/srcr6KBIQr pic.twitter.com/4leQingfec
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) April 3, 2023
Жаңалықтар
Ақорда
Президент «Allur компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
2023 жылғы 03 сәуір
Мемлекет басшысына компанияның машина жасау саласын дамыту, инженерлердің біліктілігін арттыру және шетелден инвестиция тарту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Президентке бүгінде 6 мыңнан астам отандасымыз еңбек етіп жатқан өндіріс орындары мен компанияның перспективті жобалары туралы баяндалды. Қостанай қаласында оңтүстік кореялық Kia корпорациясымен бірлесіп, Kia автомобильдерін шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады.
Президент «Allur компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады https://t.co/srcr6KBIQr pic.twitter.com/4leQingfec
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) April 3, 2023
Сонымен қатар Андрей Лаврентьев білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Компания Қостанай автомобиль көлігі колледжінде техникалық мамандықтарды мемлекеттік тілде оқытатын курс ашты. Студенттерді дуальді оқыту жөнінде оқу орындарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Allur жоғары инженерлік мектебі ашылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде отандық машина жасау саласын дамытудың маңыздылығын, жергілікті инженерлердің және техникалық мамандардың біліктілігін арттырудың өзекті екенін атап өтті.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-allur-kompaniyalar-toby-ak-direktorlar-kenesinin-toragasy-andrey-lavrentevti-kabyldady-335853