Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
REKLAM ALANI

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

2023 жылғы 06 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді.

 

 

 

Президентке барлық негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатыны жайында мәлімет берілді. Биылғы 7 айда инвестиция көлемі 9,2 пайызға ұлғайып, 678,5 миллиард теңгеге жетті. Жыл соңына дейін жалпы сомасы 87 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Оның 15 жобасы өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асырылады.

 

 

 

Мемлекет басшысына қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар құрылысының барысы туралы баяндалды. Газбен жылыту станциялары мен 3-ЖЭО алдағы жылыту маусымында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Олар сағатына 1100 Гкал жылу береді. Бұл елордада жылу энергиясына деген сұранысты артығымен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

 

 

Бұдан бөлек, қала әкімі әлеуметтік нысандар салу (мектептер, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар), ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау, апатты жағдайдағы және ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жайында айтты. Сондай-ақ биылғы оқу жылында Астанада 11 мектеп салынатынын, оның төртеуі қазір жұмыс істеп жатқанын жеткізді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 90 мыңға жуық оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Оның 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында бой көтермек.

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, жылыту маусымына дайындығына және абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырма берді.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-astana-kalasynyn-akimi-zhenis-kasymbekti-kabyldady-682444

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.