Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Жаңалықтар
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
2022 жылғы
Ақорда резиденциясында бес мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын Вьетнам елшісі Тхай Ныы Май Фам, Португалия елшісі Мария де Фатима Велез де Андраде Мендеш, Армения елшісі Армен Гевондян, Чили елшісі Эдуардо Эксобар Марин, Жаңа Зеландия елшісі Сара Мари Уолш тапсырды.
Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, еліміздегі игі міндеттерін орындау барысында оларға Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Үкіметі тарапы жан-жақты қолдау көрсететінін және көмектесетінін айтты.
Қазақстан Президенті Вьетнаммен арадағы тығыз ынтымақтастықты дамыту Азия-Тынық мұхиты кеңістігіне, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясына мүше мемлекеттерге (АСЕАН) қатысты Қазақстанның сыртқы саясатының ажырамас бөлшегі екенін атап өтті.
– Қазақстан Вьетнаммен арадағы саяси диалогты және сауда-инвестициялық байланысты кеңейтуге мүдделі. Вьетнам Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің ұзақмерзімді жан-жақты жол картасын әзірлеуге мүмкіндік береді деп санаймын. Оның сапары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің елордада өтетін алдағы саммитімен тұспа-тұс келеді деп үміттенеміз, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Португалияны Қазақстанның Еуропа одағындағы сенімді серіктесі санайтынын айтты.
– Көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңартылатын қуат көздері, жаңа технологиялар, мәдениет және туризм салаларындағы ықпалдастықты нығайту үшін әлеует жеткілікті. Бұл бағыттағы ынтымақтастықтың дамуы Португалия Президентінің Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру үшін жақсы негіз болады, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті еліміздің ТМД кеңістігіндегі негізгі серіктестерінің бірі – Армениямен арадағы көпжылдық ынтымақтастыққа баса мән беретінін атап өтті.
– Біздің екіжақты қарым-қатынасымыз терең тарихи байланыстарға негізделген. Оңтүстік Кавказдың стратегиялық маңызды өңірінде бейбітшіліктің тұрақты болуы және оның өркендеуі біздің көпжоспарлы екіжақты және көпжақты серіктестігімізді одан әрі нығайтатынына сенімдімін, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Чилимен арадағы екіжақты ықпалдастықтың дамуына көңілі толатынын білдіріп, оны жаңа деңгейге көтеру перспективаларына назар аударды.
– Біз Чилидің мыс алпауыты CODELCO корпорациясының қазақстандық компаниялармен стратегиялық серіктестік орнатуға деген орнықты ниетін құптаймыз, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Зеландиямен арадағы екіжақты қарым-қатынасқа назар аудара отырып, оның өзара сенім мен мызғымас достыққа негізделгенін атап өтті.
– Қазақстан Жаңа Зеландия Үкіметімен ынтымақтастық орнатуға, жалпы тасымал жүйесі мен экономикалық орнықтылықты нығайту үшін өзара сауда-саттықты және инвестицияны кеңейтуге мүдделі, – деді Президент.
Жиын соңында Мемлекет басшысы дипломаттарға табыс тілеп, олардың елдерінің көшбасшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-birkatar-memlekettin-elshilerinen-senim-gramotalaryn-kabyldady-1554218
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Президент Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты у послов ряда государств.
President Kassym-Jomart Tokayev receives credentials from foreign ambassadors. pic.twitter.com/G3zi5proIT
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) June 15, 2022
President Kassym-Jomart Tokayev receives credentials from foreign ambassadors
The ceremony of presenting credential letters to the President of Kazakhstan by the newly appointed ambassadors of 5 states held at the Akorda presidential palace.
Read more: https://t.co/zkTw0hw2g5 pic.twitter.com/rnoGA9aAY2
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) June 15, 2022
Президент Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты у послов ряда государств
В резиденции Акорда состоялась церемония вручения верительных грамот Президенту Казахстана чрезвычайными и полномочными послами пяти государств.
Подробнее: https://t.co/iX4saUctak pic.twitter.com/XVOHBXWIfL
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) June 15, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақорда резиденциясында бес мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Толығырақ: https://t.co/L4dBDBl2TJ pic.twitter.com/UP7wCqNoBM
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) June 15, 2022