Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Президент Ұлттық банктің басшылығымен кеңес өткізді

Президент Ұлттық банктің басшылығымен кеңес өткізді
REKLAM ALANI

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент Ұлттық банктің басшылығымен кеңес өткізді

2023 жылғы 04 қыркүйек

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің басшылығына жаңа төраға Тимур Сүлейменовті таныстырды. Президент жаңадан тағайындалған басшының қаржы-экономикалық бағытта мол тәжірибесі бар екенін және қаржы реттеушісінің қызметін жетік білетінін атап өтті.

 

 

 

 

Мемлекет басшысы атқарған жұмысы үшін Ғалымжан Пірматовқа алғыс айтып, қабылданған шаралардың нәтижесінде макроэкономикалық, қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

 

 

 

Президент Ұлттық банкке инфляцияны төмендету, қаржы технологиялары мен инновацияны дамыту және келесі жылы ұлттық төлем жүйесін толыққанды іске қосу жөнінде маңызды міндеттер жүктелгенін хабарлады.

 

 

 

 

– Біз бизнесті жеткілікті дәрежеде несиелендіруді қамтамасыз ету міндетін көтергенімізге бір жыл ғана болған жоқ. Бұл жұмысты жеделдету қажеттігі жөнінде мен Қазақстан халқына Жолдауымда мәлімдедім. Аталған мәселе бойынша теңгерімді шешім табу, жаңа тәсілдерді, құралдар мен тетіктерді енгізу ісін белсенді түрде ынталандыру маңызды. Халықаралық қаржылық ынтымақтастыққа және Ұлттық банктің үшінші елдердің орталық банктерімен және қаржы институттарымен өзара іс-әрекетіне қатысты мәселелерге ерекше назар аудару қажет. Қазіргі геосаяси жағдайда еліміздің қаржы жүйесіне жаһандық реттеушілердің қызығушылығы артып келеді. Сондықтан осындай қарым-қатынас орнатуда теңгерімді әрі тиімді жол табу және елдің қаржылық қауіпсіздігі үшін тәуекелдер мен салдарға тиісті баға беруді қамтамасыз ету маңызды, – деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің ұжымы жүктелген барлық міндетті жүзеге асыра алатынына сенім білдірді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-ulttyk-banktin-basshylygymen-kenes-otkizdi-481037

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.