Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
REKLAM ALANI

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

2023 жылғы

Мемлекет басшысына қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде баяндалды.

 

 

 

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кезеңдік өзгерістерге негізделген жауынгерлік даярлықтың жаңа форматын және командирлердің басқару қабілетін жетілдіру моделін енгізу жайында есепті тыңдады.

Сонымен қатар Руслан Жақсылықов Қасым-Жомарт Тоқаевқа территориялық қорғанысты нығайтуға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Бұл бағыттағы жұмыстар заңнамалық және практикалық деңгейде жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

Президентке әрдайым жауынгерлік дайындықта болатын бөлімдерді қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау барысы, сондай-ақ отандық өндірістің мобильді және модульдік компоненттерге көшірілуі туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына Қарулы Күштердің бітімгерлік қызметі туралы арнайы баяндалды.

Кездесуде әскерге шақырылатын және мерзімді қызметін өтеген азаматтар туралы мәліметтерді цифрлық жүйеге көшіру шаралары жөнінде де айтылды. Ақпараттық жүйелердің жаңғыртылып, олардың басқа мемлекеттік органдардың дерекқорларымен біріктірілуі тіркеу, әскери есепке қою және әскери билеттерді беру қызметтерін электронды форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, Руслан Жақсылықов әскерге шақырылатын азаматтарға кредиттік демалыс беру, сондай-ақ білім алуға жеңілдіктер жасау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Бүгінде 2,5 мың сарбаздың несиесі кейінге шегерілді және әскери қызметін өтеген 1,5 мың жауынгерге жоғары оқу орындарында оқуға орын бөлінді.

Жыл басынан бері мерзімді әскери қызметін өтеп, запасқа шығарылған 700-ге жуық сарбаз жүргізуші, механик, машинист, слесарь, аспаз және басқа да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алды.

Президент аталған бастамаларды, атап айтқанда Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, білім алуға жеңілдік беретін квоталар бөлу, мерзімді әскери қызметін өтегендерге мемлекеттік білім гранттарын ұсыну, сондай-ақ олардың заңнамалық тұрғыда бекітілуін жалғастыру мәселесін назарға алды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту мәселесіне баса мән бере отырып, бірқатар тапсырма берді.

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-korganys-ministri-ruslan-zhaksylykovty-kabyldady-2562855

 

 

REKLAM ALANI